1 тамыз күні америкалық әнші Jennifer Lopez-тің концертінде көрермен назарына бұрыннан таныс кейіпкер – Тазабек есімді алып қуыршақты ілікті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Тазалықтың символына айналған кейіпкер көрермен арасына «Тазалықты қолдасаң, құшақтасайық!» деген жазуы бар арнайы плакатпен келіп, кештің басты кейіпкеріне айналды.
Кешке жиналған қала тұрғындары Тазабекпен қуана суретке түсіп, сторис салып қана қоймай, бастаманы ерекше ықыласпен қолдады. Оны шетелдік қонақтар да ерекше жылы қабылдады.
Экологиялық кейіпкер бұған дейін де түрлі қалалық іс-шараларда бой көрсеткен. Оның басты мақсаты – табиғатты қорғау оңай әрі көңілді іс екенін еске салу.