Астанада Д. Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

Астанада Д. Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д. Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысында жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 2-3 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.