Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ю.Малахов көшесінің теміржол өткелінен Сусамыр көшесіне дейінгі аралықта жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 2-3 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.