Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы С.Сейфуллин көшесінің Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 26 маусым мен 6 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы бірінші Республика даңғылына қарай, кейін Сарырқа даңғылына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.