Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тасжолында қосымша жүріс жолағын салу мақсатында жолдың ортасында орналасқан бөлгіш құрылымды алу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен қатар, дәл осындай жұмыс Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылысында да жүргізіледі.
Осыған байланысты, 29 шілдеден бастап 20 тамызға дейін Қорғалжын тасжолы мен Айтматов көшесінің, сондай-ақ Қорғалжын тас жолы мен Е-430 көшесінің қиылыстарында екі бағытта да көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.