Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы орталық саябақтың ішіндегі жолының үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 28-31 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.