
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Панфилов көшесінің Тәуелсізідік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейінгі бөлігінің жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 25 шілде 5 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастыралатын болады.