Астанада 4-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған үйірмелер мен секцияларға тегін ваучерлерді үлестіруге көмектесетін QOSYMSHA.KZ цифрлық платформасын енгізу бойынша пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2025 жылы бағдарламаға 25 000-нан астам бала қамтылды.
Жаңа платформа не береді:
1. Балаларға қосымша білім алуға тең қолжетімділік.
2. Толық ашықтық және «адами факторының» әсерін болдырмау – жүйе үшінші тұлғалардың қатысуынсыз автоматты түрде жұмыс істейді.
3. Барлық дерек Әкімдіктің қорғалған деректер орталықтарында сақталады.
Ата-ана не істеуі керек:
1. Деректерді өзектендіріп, салыстырып тексеру үшін QOSYMSHA.KZ сайтында тіркеліп, ата-ана мен баланың ЖСН-ын енгізіңіз.
2. Егер бала қазірдің өзінде үйірмеге барып жүрсе, сол ұйымға жүгініңіз – ол деректерді жүйеге енгізеді.
3. Өтінімді Астана қаласында тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар отбасылар бере алады.
4. Ваучерді сақтап қалу үшін ата-ана жеке кабинетте баланың қатысуын растауы қажет.
Жүйе өтінім берілген уақытты ғана емес, отбасының әлеуметтік мәртебесін де ескереді. Барлық бала 12 санатқа бөлінеді, әрқайсысының өзіндік салмақ коэффициенті бар:
• Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар – 5коэффициент;
• Мүгедектігі бар отбасылардың балалары, АӘК алатындар, жетім балалар – 3-4 коэффициент;
• Көпбалалы отбасылардың балалары – 2 коэффициент;
• 4-тен 18 жасқа дейінгі қалған балалар – 1 коэффициент.
Бұл көпбалалы немесе әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары жеңілдікті санатсыз ертерек өтінім берген отбасылардың балаларына қарағанда ваучерді ертерек алу ықтималдығы жоғары екенін білдіреді.
Мынадай маңызды жайттарды білуі керек:
1. Жалпы дамыту кезегінде берілетін ваучер нақты бір секцияға емес, баланың өзіне рәсімделеді.
2. Ваучер алынғаннан кейін ата-ана баланың барғысы келетін үйірмені өзі таңдайды.