Астанада Д.Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада Д.Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д.Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 20 шілдеде аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.