Астанада «Биг Шанхай» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары көрсетіледі

Астанада «Биг Шанхай» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары көрсетіледі

Аталған жағдайға байланысты арнайы штаб құрылды. Онда Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің, әкімдіктің, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері, банк қызметкерлері, салық органдары және базар әкімшілігі кезекшілік етеді. Штаб аясында «Биг Шанхай» базарының зардап шеккен жалға алушылары, кәсіпкерлері және жұмысшылары бизнесін қалпына келтіру, жалдау, салықтық және банктік міндеттемелер бойынша кеңес ала алады.

Қазіргі уақытта салық төлемдері мен банктік міндеттемелер бойынша кейінге шегеру мәселесі қарастырылып жатыр. Сауда орны зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі банктер мен қаржы ұйымдарына жіберіліп, қолдау шараларын ары қарай қарау жоспарланып отыр.

«Биг Шанхай» базарының директорының айтуынша, алдағы бірнеше күн ішінде зардап шеккен барлық кәсіпкерге баламалы сауда орындарын ұсыну мәселесі шешіледі.

Штаб «Anuar» супермаркетінің 3-қабатында, Алаш тасжолы, 30а мекенжайында орналасқан. Ақпарат және кеңес алу үшін колл-орталық жұмыс істейді: «Биг Шанхай» базарының әкімшісі:+7 778 141 83 13, Тоғжан.

Кәсіпкерлер тек ресми штабқа жүгінгені жөн, себебі барлық нақты әрі шынайы ақпарат осы орында айтылады.