Астана қаласында «Сарыарқа» СОО артындағы жолда (68-көше) жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 18-19 шілде аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Көлік қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.