Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірінің астындағы жергілікті жол бөлігінде орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 16-20 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.