Астанада Достық көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада Достық көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Роза Бағланова атындағы концерт залына дейінгі аралықта жол жамылғысына орташа жөндеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 15-21 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта бір жағы арқылы кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелістердің алдын алу мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.