Астаналық оқушы халықаралық физика олимпиадасында екі медаль жеңіп алды

Астаналық оқушы халықаралық физика олимпиадасында екі медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы ISPhO-2025 Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында 30 маусым мен 7 шілде аралығында өткен беделді білім сайысына 21 мемлекеттен ең үздік оқушылар қатысып, физика саласындағы білімдері мен дағдыларын сынады.

Осы додада ерекше көзге түскен – елордалық NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Даниэль Түлебаев. Жас дарын олимпиаданың негізгі кезеңінде қола медаль жеңіп алып, ерекше дайындық пен жоғары білімін дәлелдеді.

Бұдан бөлек, теориялық турда көрсеткен үздік нәтижесі үшін күміс медальға да ие болды. Бұл – оқушының тек практикалық емес, ғылыми ойлау мен терең білімге негізделген деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Қазақстан құрамасы жалпы саны 5 жүлде жеңіп алып, қатысушылар арасында көш бастады.