С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы жанындағы жазғы лагерьде демалып жатқан елордалық оқушылар уақытын пайдалы өткізіп жүр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мұнда балалар тек ойнап, тынығып қана қоймай, күнделікті өмірге қажет дағдыларды да меңгеруде. Соның бірі – тағам дайындау. Балалар ас пісіріп, аспаздық өнердің қыр-сырын үйреніп жатыр. Бұл – олардың еңбекке, жауапкершілікке баулуына және өз-өзіне қызмет ету дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік.
Лагерь бағдарламасына сондай-ақ сурет салу сағаттары, кинобөлме, шахмат пен шашка, робототехника, қимыл-қозғалысқа толы ойындар мен танымдық тапсырмалар да кіреді. Әр күн баланың шығармашылығын, ойлау қабілетін және белсенділігін арттыруға бағытталған.