Қазақстандық оқушылар Барселонада өткен International STEM Olympiad 2025 байқауында күміс және қола жүлделерге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 260-тан астам оқушы, 78 команда қатысып, өзара үздіктерін анықтады.
Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейінің дарынды оқушылары еліміздің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді:
• Нұрасыл Рысқұлбеков – қола медаль;
• Айша Темірхан – күміс медаль;
• Ашыхатов Бижан – күміс медаль.
Жас дарындар инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D - модельдеу бағыттарында жоғары шеберлік пен терең білімдерін көрсетіп, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.