Астанада алғаш рет Backstreet Boys тобы концерт өткізеді: билет сату 14 шілдеде басталады

Астанада алғаш рет Backstreet Boys тобы концерт өткізеді: билет сату 14 шілдеде басталады

Астанада 21 қыркүйекте әйгілі поп-группа Backstreet Boys алғаш рет өнер көрсетеді. Концертке билеттер сату бірнеше күннен кейін басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сахнаға топтың бастапқы құрамындағы бес қатысушы – Ник Картер, Эй Джей Маклин, Хауи Доро, Кевин Ричардсон және Брайан Литрелл шығады. Бағдарламада әлемдік хиттер – I Want It That Way, Everybody (Backstreet’s Back), As Long As You Love Me, Show Me The Meaning of Being Lonely, Shape of My Heart, сондай-ақ жаңа альбомдардан композициялар орындалады.

Концерттің ерекшелігі – ақ түсті дресс-код.

Ұйымдастырушылар қазақстандық көрермендерді осы әлемдік үрдіске қосылып, ақ киім киіп, сүйікті хиттермен бірге 2000-жылдардың атмосферасына енуге шақырады.

Концерттің ұйымдастырушысы – Astana Concert компаниясы. Іс-шара 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді.

Билеттер сату 14 шілде күні сағат 12:00-де басталады.

Ал 15 шілдеден бастап билеттер Ticketon.kz сайтында сатылады. Онда төлем жасаудың 10 түрлі тәсілі бар, соның ішінде бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.