Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейінің 1-сынып оқушысы Амира Алеманова Ашхабад қаласында өткен Халықаралық балалар шахмат турнирінде ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа әлемнің түрлі елдерінен келген 128 жас спортшы қатысты.
Амира 8 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид санатында бақ сынап, үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдеге ие болды. Жарыс кезінде ұлттық киіммен сахнаға шыққан Амира Қазақстанның көк туын желбіретіп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.