Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылысын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскесінде асфальттың үстіңгі қабатын төсеу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі таңда жолдың бір бөлігі қозғалыс үшін ашылған, ал екінші бөлігі уақытша жабылған.
Осыған байланысты, биыл тамыз айының соңына дейін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.