Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне орай елордада дәстүр мен заманауилықты, үн мен бейнені, жады мен шабытты тоғыстырған кең көлемді шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Қонақтар атақты күйшілердің бейнелері мен олардың баға жетпес музыкалық мұрасын жаңғыртқан мазмұнды бағдарламаға куә болды.

Іс-шара аясында «күйші мен серілер» шеруі өтті: Құрманғазы, Дина, Ақан сері бейнесіндегі әртістер «Атырау» көпірімен жүріп өтіп, қонақтармен және көрермендермен еркін тілдесті.

Кездесу барысында «Домбыра шеберханасы» жұмыс істеді – жас дарындар домбыра тартудың алғашқы қадамдарын жасады.
Ұйымдастырушылар интерактивті аймақтар әзірледі: «күйді тап», домбыра-пазл, викториналар мен музыкалық ойындар.
Көпшіліктің назарын «Ұлы домбырашылар архиві» аударды – жасанды интеллектің көмегімен LED-экранда Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев және өзге де тарихи тұлғалардың бейнелері «тірілді».
Мерекелік алаңда «100 кітап» жобасы ұйымдастырылды: домбыра туралы әдебиеттер көрмесі, кітапханашылармен кездесу және мәдени тарихқа көз жүгірту.

Сонымен бірге ашық аспан астында қазақ ауылы стилінде кілемдер төселіп, самаурынмен шай әзірленіп, қазақ музыкасы туралы деректі фильмдер көрсетілді.

Амфитеатр сахнасындағы мерекелік концертте аңызға айналған күйлер мен халық әндері шырқалды.