Астана күнін мерекелеу аясында ашық аспан астында музыкалық «Open Air» мерекелік концерті ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мерекелік концертте отандық эстрада жұлдыздары мен өнер ұжымдары өнер көрсетеді. Олардың қатарында Қазыбек Құрайыш, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы, жастардың сүйікті 6elucci тобы, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба, Атилла, Аро, Жұбаныш Жексен, Назима, Ильхан және Тұрар бар.
Мерекелік концерт «Астана Арена» стадионының аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де басталады.