Астанада өткен OYU Fest фестивалінде танымал Ирина Кайратовна тобы өнер көрсетіп, қаланың сұлулығы жайлы ой-пікірлерін жеткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Сахна төрінде сөйлеген сөзінде өнер ұжымы Астананың күннен-күнге көркейіп, заманауи кейіпке енгенін ерекше ықыласпен атап өтті.
«Ирина Кайратовна тобы Астана қаласында құрылған болатын. Біз көшіп кетіп едік, қаламыз күннен күнге түрленіп келеді. Әр келген сайын ерекше құлпырып тұрады», – деді топ мүшелері.
Көрермендер топтың жүрекжарды лебізін ықыласпен қабылдап, шынайы қошемет көрсетті.