
Астана қаласында «Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көшелер құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында, 30 маусым мен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі учаскеде жол толықтай жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Емханаға кіру жолдары Мәңгілік Ел даңғылы жағынан қамтамасыз етіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.