Астанадағы ЭКСПО аумағында 23 маусым күні Қазақстан полициясы күніне орай дрондармен жарық шоуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты ІІМ-ге сілтеме жасап.
Дрондар шоуы 23 маусым күні сағат 22:00-де басталады.
Аталған шоу мерекелік бағдарламаның басты бөлігі болып, заң мен тәртіпке деген құрметтің нышанына айналмақ.
Айта кетейік, шоу алдында концерттік бағдарлама өтеді. Концерт сағат 21:00-де басталады.