Астанада Алаш тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Алаш тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Алаш тасжолының 69 көшесінен 191 көшесіне дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Осыған байланысты, 20-22 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.