«Бәрін бір күнде жинадым»: Астана тұрғыны «Елорда жастары» бағдарламасы арқылы баспаналы болудың жолын айтты

«Бәрін бір күнде жинадым»: Астана тұрғыны «Елорда жастары» бағдарламасы арқылы баспаналы болудың жолын айтты

Астанада жүзеге асып жатқан «Елорда жастары» бағдарламасы аясында жас мамандар жеңілдетілген шарттармен баспаналы болу мүмкіндігіне ие. Бағдарлама қатысушыларының бірі — 32 жастағы Шерхан Сейітқалиев — мемлекеттік қолдаудың арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Шерхан бұған дейін бес жылдық «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасына қатысқан. Жалға алу мерзімі аяқталған соң ол «Елорда жастары» бағдарламасына өтініш берген.

«Бағдарламаға қатысу мен үшін үлкен мүмкіндік болды, ал құжаттарды жинау бір күнге ғана созылды, өйткені бәрі өте тиімді әрі ыңғайлы ұйымдастырылған», — деп еске алады Шерхан Сейітқалиев.

Араға екі апта салып, оның отбасы барлық кезеңнен сәтті өтіп, мақұлданғаны туралы хабар келді.

«Мен бәрі ойдағыдай болады деп сендім. Құжаттарымды тапсырып, жақсы жаңалық күтіп жүре бердім. Кейде өмірді өзгерту үшін бір қадам жасау жеткілікті», — дейді жас маман.

Бағдарлама аясында астаналық азамат елорданың орталығынан аумағы 49 шаршы метр болатын пәтер алды. Жақын маңда мектептер, балабақшалар, саябақтар мен скверлер орналасқан.
Шерхан құжаттарды тапсыру мен рәсімдеу барысының ыңғайлы форматына ерекше ризашылығын білдірді.

«Бүкіл процесс онлайн өтті, бұл менің уақытымды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті ол.