Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығынп орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 10-15 маусым аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңмен жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.
Айта кетерлігі, 2023 жылы Тұран даңғылының Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде, сол сияқты 2024 жылы Керей-Жәнібек хандар көшесінің Жұлдыз айналымына дейінгі учаскесінде жұмыс жүргізілген.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.