Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Абылай хан даңғылының Майлин көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде бойындағы жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Осыған байланысты, 10-11 маусымда көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.