Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады. Осыған дейін зардап шеккен отбасыға көрсетілетін өзге де қолдау шаралары туралы хабарланған болатын.