
Астанада Абылай хан даңғылының Манас көшесінен Майлин көшесіне дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы/Майлин көшесі қиылысы толығымен жабылатын болады.
Осыған байланысты, 9-10 маусымда көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.