Астанада М.Жұмабаев даңғылының бір бөлігінде жөндеу жұмысы жүріп жатыр

Астанада М.Жұмабаев даңғылының бір бөлігінде жөндеу жұмысы жүріп жатыр

Астанада М.Жұмабаев даңғылы Р.Қошқарбаев даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 7-9 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.