Астанада Ш.Қалдаяқов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада Ш.Қалдаяқов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 7-13 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.