Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Домалақ ана көшесінің Қорғалжын тасжолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу аясында жол жабынының жоғарғы қабатын төсейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 5-6 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.