Астанада эколог мамандар марапатталды

Астанада эколог мамандар марапатталды

Астана қаласында Эколог күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты іс-шара қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында экология саласында жемісті еңбек етіп жүрген 70-тен астам қызметкер марапатталды.

Сонымен қатар, бірқатар маманға құрмет грамоталары, алғысхат пен «Экология саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.