
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абылай хан даңғылының Манас көшесінен А.Пушкин көшесіне дейінгі учаскеде жол жабынының жоғарғы қабатын орнатады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 4-7 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы алдымен Манас көшесінен А.Пушкин көшесіне қарай бір бағытта ұйымдастырылатын болады. Кейін – кері бағытта.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.