Астанада Бурабай көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Бурабай көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бурабай көшесінің Хантау көшесінен Ш.Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі аралықта жол жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 3-18 маусым аралығында көлік қозғалысы толықтай шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.