Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын сақтау мәселесі мемлекеттік органдардың негізгі және басым бағыттарының бірі болып саналады. Бизнесті дамыту уәкілетті және мемлекеттік органдардың тиімді жұмысына байланысты екені мәлім. Бүгінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары процестерді автоматтандыру және оларды цифрландыру саласында мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасында маңызды орындардың бірін алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан әлемдік «трендтерден» қалмауға тырысады және мемлекеттік органдардың қызметіне ақпараттық технологияларды белсенді енгізіп жатыр.
Осындай жүйелердің бірі «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (бұдан әрі-ТСОБТ) болып саналады, ол тағайындалатын тексерулердің жалпы санын азайтуға, сондай-ақ заңсыз тексерулердің алдын ала жолын кесу мүмкіндігіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.
ТСОБТ жүйесінің арқасында тексерулерді тағайындау процесі толығымен автоматтандырылған, осыған байланысты соңғы 10 жылда тіркелген тексерулер санының 5 есеге едәуір төмендегені байқалады.
Жүйе электронды форматта тексеру тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімін ұзартуды және тексеру нәтижелерін тіркеу және есепке алуды қамтиды.
Сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті «Qamqor» - бизнесті қорғау мобильді қосымшасын енгізді.
Бұл жаңашылдық ең алдымен, кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік органдардың заңсыз тексерулерінен қорғауға бағытталған және әрбір кәсіпкердің «қалта көмекшісі» ретінде қызмет етеді.
Кәсіпкердің қалта көмекшісі бақылау органының тексеруді тіркеуін анықтауға, сондай-ақ жеке есептік жазбасын Qamqor мобильді нұсқасында тіркеуге мүмкіндік береді, прокуратура органдарында тексеру тіркелгеннен кейін тіркеу туралы кәсіпкерге бірден хабарланады.
Тексеру аяқталғаннан кейін кәсіпкер тексеру нәтижелерімен қосымша арқылы таныса алады, онда анықталған бұзушылықтар көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда кәсіпкер тексеру кезінде де, ол басталғанға дейін де, мысалы, тексеру тіркелмеген жағдайда жасалған бұзушылықтар туралы хабарлама жіберуге қол жеткізе алады. Мұндай хабарламалар шұғыл әрекет ету үшін аумақтық комитет департаменттеріне тікелей жолданады.
Кәсіпкердің қалта көмекшісі Qamqor қосымшасының мобильді нұсқасы App Store және Google play дүкендерінде қолжетімді.
#Заңжәнетәртіп