Астанада өткен Ұлттық ментальдық арифметика олимпиадасының қатысушылары Қазақстанның рекордын жаңартты

Астанада өткен Ұлттық ментальдық арифметика олимпиадасының қатысушылары Қазақстанның рекордын жаңартты

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада Халықаралық балалар академиясы UCMAS ұйымдастырған, «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен Ұлттық ментальдық арифметика олимпиадасы өтті. Олимпиада қатысушылары Қазақстан бойынша жаңа рекорд орнатты, деп ххабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Олимпиадаға еліміздің барлық өңірінен 5-15 жас аралығындағы шамамен 300 бала қатысты.

Олар 200 арифметикалық тапсырманы бар-жоғы 10 секунд ішінде орындап, Қазақстанның жаңа рекордын тіркеді.

Жарыс үш бағытта өтті: визуалды, есту және ментальді арифметика. Барлық кезең халықаралық бақылаушы – UCMAS халықаралық бағдарламасының бас штабының директоры доктор Крис Чью қатаң бақылауында болды.

«AMANAT» партиясының Есіл аудандық филиалының төрайымы Санира Жүсіпова сөзінше, 1993 жылы құрылған UCMAS бағдарламасы балалардың интеллектуалды дамуы үшін тиімді құрал ретінде ұзақ уақыттан бері танылған және бүгінгі таңда 87 елде жұмыс істейді. Қазақстанда академия 2011 жылдан бері жұмыс істеп, мыңдаған жас таланттың әлеуетін ашатын алаңға айналды.

«Академияның ерекше мақтанышы – мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс. Оларға оқыту тегін ұсынылады, және олардың жетістіктері құрдастарынан кем түспейді. Мысалы, Жанерке Назроллаева – көзі нашар көретін оқушы, ол жыл сайын ұлттық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болады. Өткен жылдың маусымында ол Қазақстанның рекордтар кітабына еніп, елдегі жалғыз абсолютті чемпион атанды. Желтоқсан айында Жанерке Нью-Делиде өткен халықаралық жарыста Қазақстан атынан шығып, 6000 қатысушы арасынан ерекше нәтиже көрсетті», — деді Санира Жүсіпова.