
Астанада шолу дөңгелегінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай құттықтау видеосы пайда болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жыл сайын 1 маусымда әлемнің әр түкпірінде балаларды қорғау күні аталып өтеді.
Елордадағы 65 метрлік аттракционда жарияланған видео қаланың әртүрлі тұсынан көрінеді және астаналықтар мен туристердің назарын еріксіз аударады.
Шолу дөңгелегі 53 мың пиксельмен жабдықталған, бұл оған әртүрлі визуалды элементтерді жариялауға мүмкіндік береді. Ол елорданың Нұра ауданында орналасқан.