Байқоңыр ауданында Балаларды қорғау күні 10 жаңа аула пайдалануға берілді

Байқоңыр ауданында Балаларды қорғау күні 10 жаңа аула пайдалануға берілді

Халықаралық балаларды қорғау күні елорданың Байқоңыр ауданында 10 жаңа аула ашылып, тұрғындар мен балалар үшін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа аулалар мына мекенжайлар бойынша ашылды: Сейфуллин көшесі, 41; Бейсекбаев көшесі, 14; Сембинов көшесі, 21; Ғабдуллин көшесі, 1; Торайғыров көшесі, 3; Уәлиханов көшесі, 3; Рахимов көшесі, 91; Шонайұлы көшесі, 39 және 41; Жұбанов көшесі, 3; Торайғыров көшесі, 1.

Аулаларда жаңа ойын және спорт алаңдары, демалыс аймақтары орнатылды.
Ашылуға орай аулаларда балалар мен ата-аналар үшін мерекелік шаралар өтті. Тұрғындар алғыс білдіріп, тәттілер тарату іс-шарасын ұйымдастырды.

Айта кетейік, 2025 жылы Байқоңыр ауданында 88 аула абаттандырылады. Оның ішінде 18 аула кешенді түрде жөнделсе, 70 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі. 18 ауланың 12-сі «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылып жатыр.

Жалпы, биыл елордада 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылмақ.