Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елорданың Паралимпиадалық жаттығу орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті спорттық жарыстар өтті. Іс-шара мұндай балаларды спортпен тұрақты айналысуға тартуға бағытталған стратегиялық бағдарламаның бір бөлігі болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Биыл дәстүрге айналған бұл жарыстарға 50-ден астам бала қатысты. Олар ата-аналарымен, жаттықтырушылармен, еріктілермен және қонақтармен бірге бұл күнді қуанышқа, қозғалысқа толы көңіл күйде өткізді.
Спорттық мерекенің арнайы қонағы – Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев болды.
Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаев мұндай іс-шаралардың ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді және ынталандырушы орта қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.
«Мұндай іс-шараларға қатысу мүмкіндігі – жай ғана көңіл көтеру емес. Бұл баланың өз тәжірибесінің құндылығын сезініп, өз күшіне сенуіне және қоғаммен байланысын сезінуіне жасалған қадам», — деді ол.
Көңілді жарыстар Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен өтті.