Астанада Солтүстік айналма жолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Солтүстік айналма жолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Солтүстік айналма жолының 191 көшесінен Өндіріс тас жолына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 26 мамыр мен 10 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.