«Астана балалары»: елордада Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар басталды

«Астана балалары»: елордада Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар басталды

Елордада халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған «Астана балалары» іс-шаралары басталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Іс-шаралар форумдар, кездесулер, спартакиадалар, мерекелік концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, кинотеатрларға, мұражайлар мен театрларға бару, акциялар, көрмелер, челлендждер мен байқаулардың қатысушыларын марапаттау, әлеуметтік жобалар мен ата-аналар мен балаларға арналған тренингтер түрінде өтеді.

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен өтіп жатқан мереке аясында 11 408 іс-шара ұйымдастырылып, олар 238 621 адамды қамтыды.