Астанада Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 24-25 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылының Майлин көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі учаскесіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.