Астана қалалық мәслихатының № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу туралы Астана қаласы округ сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 желтоқсандағы сайлау ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, Астана қалалық мәслихатының № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына Астана қаласы  округ сайлау комиссиясы мынадай кандидаттарды тіркеді:

Разбекова Ляззат Мұратқызы – 1974 жылы туған, Астана қалалық «Технологиялық колледжі» ШЖК МКК директоры, Астана қаласында тұрады;

         Беріков Мұратбек Берікбекұлы – 1980 жылы туған, «АutoTrans KZ» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады;

         Нұрланов Атақозы Қелденұлы – 1966 жылы туған, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, төрағаның орынбасары, Астана қаласында тұрады;

         Қиялов Жомарт Мұратбекұлы – 1966 жылы туған, «Елордалық азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігі, төрағасы, Астана қаласында тұрады;

         Разинков Александр Александрович – 1982 жылы тұған, «Vista Company 2010» ЖШС бас директоры, Астана қаласында тұрады.

Николайчук Максим Олегович – 1981 жылы туған, ЖК «GT drive Academy»  кәсіпкер, Астана қаласында тұрады;

         Құспан Лаззат Райханқызы – 1970 жылы туған, ЖСШ «СалауатСтройСервис лтд» директоры, Астана қаласында тұрады;

         Баубек Нариман Асқарұлы – 1982 жылы туған, ЖСШ «Baiterek Engenttring» директоры, Астана қаласында тұрады.

 

 

                                                Астана қаласы №6 округ сайлау комиссиясы

 

                                                   

Дата публикации
14 ноября 2024