Астана қаласының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

 

 

 

 

 

 

Астана қаласының 2024-2028

жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы, 2023 жыл Мазмұны

 

Кіріспе ……………………………………………………………........

3

1. Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының   2022-2023 жылдардағы үрдістері.................................................................

 

3

Экономиканың дамуының сыртқы және ішкі жағдайлары.............

7

2. Астана қаласының 2024-2028 жылдарға арналған негізгі басымды даму бағыттары ………………………………………......……..

 

9

3. Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары..…......

9

3.1 Бюджеттік-салықтық саясат..........................…………………......  

9

3.2 Инфляция деңгейін тежеу .........…………………………….........

10

3.3 Экономика салаларын дамыту.……………………………...........

10

Өнеркәсіп..............…………………………………………............

10

Туризм ……………………………………………………..............

12

Құрылыс........……………………………………………...............

14

Көлік....... ………………………………………………….............

14

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар..……..............

15

Сауда......…………………………………………………...............

16

3.4 Бизнес-ахуалды және инвестициялық тартымдылықты жақсарту.........................................................................................................  

 

 16

3.5 Адами капиталдың сапасын жақсарту ………….......................  

17

4. Экономикалық өсудің негізгі факторлары және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы ...……………………..

 

19

5 Жергілікті бюджеттің 2024-2026 жылдарға арналған негізгі параметрлері...................................................................................................

 

20

5.1 Үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы…......................................................................................................

 

20

5.2 Бюджетаралық қатынастар………………………………...........

21

5.3 Жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары…..............

22

5.4 Басымдықтарды іске асыруға бағытталған шығындардың жаңа бастамалары .............................................................…………………

27

5.5 Бюджеттік инвестициялық саясаттың 2024-2026 жылдарға арналған негізгі басымдықтары ....………………………………………..

 

27

1-қосымша………………………………………………………........

29

2-қосымша………………………………………………………........

31

 

 

Кіріспе

 

Астана қаласының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Болжам) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы                            № 9 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдеріне (2018 жылғы 6 ақпандағы № 39 өзгерістердің есебімен) сәйкес әзірленді.

Болжам Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне бағдарланған. Оны әзірлеу кезінде алдағы кезеңдегі серпін, қаланың дамуына барынша ықпал ететін факторлар, сондай-ақ іске асырылуы экономикалық өсім ретінде Астана қаласының тұрақты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін бәсекелік артықшылықтар ескерілді.

2024-2026 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістерінің түсімін болжау Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстерінің, сондай-ақ басқа да нормативтік-құқықтық актілер ережелерінің есебімен бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес өткізіледі.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы үш жылдық кезеңге арналған қала бюджетін әзірлеу, Облыстарды дамыту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

 

1. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының                            2022-2023 жылдардағы үрдістері

2022 жылы елорда экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және тұтынушылық сұраным, сондай-ақ экономиканың базалық салаларындағы өндірістік белсенділік есебінен жүзеге асырылды.

Жалпы макроэкономикалық тұрақтылық сақталды. 2022 жыл бойынша жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) көлемі Астана қаласы бойынша                     2021 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға ұлғайып, 10 672,5 млрд. теңгені құрады      (2021жылы – 8 923,7 млрд. теңге). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 8 053,9 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 1,5 есе артық                            (ҚР – 5 284,7 мың теңге). Бұл көрсеткіштер бойынша қала Алматы қаласынан жәнеАтырау облысынан кейін үш көшбасшы қатарына кіреді.

Жалпы ішкі өнім құрылымында қаланың ЖӨӨ үлесті салмағы – 10,3%.

ЖӨӨ негізгі үлесті қызметтер құрайды – 64,0%, оның ішінде көтерме және бөлшек сауда 20,4%, жылжымайтын мүлікпен операциялар 6,0%, көлік және қоймалау 7,1%.

Өндіріс үлесі 15,6%, оның ішінде өнеркәсіп 9,2%, құрылыс 6,4%.

2022 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары өткен жылдың тиісті кезеңіне 3,3% өсіммен, 1 972,4 млрд. теңгеге өнім өндірді.

Елорданың индустриялық секторын көбінесе өңдеу саласының кәсіпорындары ұсынады, олардың үлесі өндірістің жиынтық көлемінің                  91%құрайды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 1 788,9 млрд. теңгені құрады, НКИ 102,3%. Өсім тамақ өнімі өндірісі – 112,6%, сусындар өндірісі – 121,6%, қағаз және қағаз өнімі өндірісі -  128,6%, машина мен құрал-жабдықты қоспағанда, дайын металл бұйымдары өндірісі – 136,3% және т.б. есебінен қамтамасыз етілді.

№ 1 Индустриялық парк аумағында шамамен 474 тұрақты жұмыс орнын құрумен, жалпы сомасы 14,3 млрд. теңгеге 7 жоба пайдалануға енгізілді.

Елорда экономикасын дамытуға 2022 жылы барлық көздер есебінен барлығы 1 462,5 млрд. теңгенегізгі капиталға инвестициялар тартылды, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 13,5%-ға жоғары, оның ішінде 1 025,9 млрд. теңге – кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты (үлесі 70,1%), 286,0 млрд. теңге – бюджеттік инвестициялар (19,5%), 86,4 млрд. теңге – қарыз қаражаты (5,9%) және 64,2 млрд. теңге – банктердің несиелері (4,4%).

Инвестицияның ең жоғары көлемі жылжымайтын мүлікпен операциялар 653,7 млрд. теңге (44,7%), көлік саласын дамытуға жіберілді225,4 млрд. теңге (үлесі 15,4%), өнеркәсіп – 135,6 млрд. теңге (9,3%), өзге де қызметтер түрлерін ұсыну – 37,2 млрд. теңге (2,5%).

2022 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 717,9 млрд. теңгені құрады (НКИ108,6%), оның ішінде жеке-меншік отандық кәсіпорындармен 586,8 млрд. теңге (үлес81,7%), шетел компанияларымен130,9 млрд. теңге (18,2%), мемлекеттік сектор үлесі 226,1 млрд. теңге (31,5%).

2022 жылы тұрғын үй құрылысына 354,7 млрд. теңге инвестиция жіберілді, бұл 26,8 мың пәтерді пайдалануға беруге мүмкіндік берді. Барлық көздер есебінен 2022 жылы Астанада 2 млн. 410 мың шаршы метр тұрғын үй салынды (НКИ76,1%), бұл республикалық көлемнің 12,7% (елордада тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі бір адамға шаққанда 30,5 шаршы метрге жетті).

Тұрғын үй құрылысы саласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылды.

Тұрғын үй құрылысына және тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 2023 жылы 22,6 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде:

6,7  млрд.теңге – республикалық бюджеттің трансферттері;

5,0 млрд.теңге – мемлекеттік құнды қағаздар шығару есебінен қарыз қаражаты;

10,9 млрд. теңге – жергілікті бюджет қаражаты есебінен.

2023 жылы жалпы ауданы 33,9 мың ш. м. 446 пәтерге арналған 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің (бұдан әрі – КЖК) құрылысы жүргізілуде. жыл соңына дейін жалпы ауданы 22,4 мың ш. м. 294 пәтерге 2 КЖК пайдалануға беру жоспарлануда.

2023 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерліктің әрекет етуші субъектілерінің саны 2021 жылмен салыстырғанда 25,3%-ға ұлғайып, 204,3 мың бірлікті құрады. Олар өндірген өнім көлемі 2022 жыл бойынша                                 11 422,9 млрд. теңгені немесе 129,0% құрды, жұмыспен қамтылғандардың саны 489,6 мың адам(110,0%).

Ішкі нарықта 2022 жылы тұтыну сұранысының өсімі байқалады.                          2022 жыл бойынша бөлшек сауда айналымы 2,2 трлн. теңгені құрады, тауарлардың сатылымы 8% ұлғайды. Көтерме сауда көлемі 5,6 трлн. теңгені құрады.

Астана қаласының сыртқы сауда айналымы кедендік статистика деректері бойынша 2022 жылы 10 527,7 млн. АҚШ долларын құрады (125,6%), оның ішінде экспорт – 7 672,1 млн. АҚШ доллары (139,0%), импорт –                          2 855,6 млн. АҚШ доллары (99,7%).

Астана қаласының ТМД, Еуропа одағы, Кедендік одақ, Азия елдері және әлемнің басқа да елдері тәрізді 126 әртүрлі мемлекеттермен жеткілікті дамыған сауда-экономикалық байланыстары бар.

2022 жылы жүк тасымалдау көлемі 197,6 млн. тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 4,9%-ға жоғары, жүк айналымы – 37 587,6 млн.ткм немесе 2021 жылдың деңгейіне 109,0%.

2022 жыл бойынша көлік компаниялары 465,5млн. жолаушы тасыды (96,0%), жолаушылар тасымалы 12 117,6 млн. пкм. құрады (103,5%).

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға және реконструкциялауға 2023 жылы 82,5 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 13 км жаңа жол салу және 55 км автожолға орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізген халықтың үлесі 99,9%, сумен қамту жүйесіне – 100%.

Астана халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының (ICCA – International Congress and Convention Association) мүшесі болып табылады, бұл ірі халықаралық іс-шараларды (биддинг) тартуға және өткізуге өтінімдер конкурстарына қатысу мүмкіндігін ашады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша іс-шараларды тартуға 10 өтінім берілді, олардың арасында Халықаралық географиялық одақтың өңірлік конференциясы (IGU), гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік конгресі, туристік агенттіктер қауымдастықтарының біріккен федерациясының Дүниежүзілік конгресі (UFTAA) және т. б. бар. Берілген өтінімдердің ішінен маусым айында INQAAHE жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісінің конференциясын және 2023 жылғы тамызда ARC Топырақ механикасы және геотехника жөніндегі 17 Азия өңірлік конференциясын өткізу құқығы жеңіп алынды.

2020 жылдың қыркүйегінде Астана Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің (WTTC) «Safe Travels»жаһандық бастамасына кіріп, туризм нысандарына сәйкестік белгісін беру құқығына ие болды. Туристер үшін бұл белгі қызметтердің барлық халықаралық (ДДСҰ, WTTC) және жергілікті санитарлық-гигиеналық нормалар мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетіндігінің кепілі болып табылады. «Safe Travels» COVID-19 пандемиясы кезеңінде және одан кейін туристік саланы қолдау және қалпына келтіру үшін бастама болды. Бүгінгі таңда қонақжайлылық, конгресс-көрме қызметі және тамақтану саласында жұмыс істейтін 20-дан астам компания сәйкестік белгісін алды.

MICE бағытындағы мүдделі ұйымдар мен объектілердің кәсіби дағдылары мен біліктілігін арттыру мақсатында оқыту онлайн тренингі ұйымдастырылды, оның негізгі міндеті MICE және кездесулер индустриясын ұсыну, ковидтан кейінгі (COVID-19) кезеңдегі өзгерістер, маркетингтік сатулардың жаңа шындықтары, индустрияның жаңа трендтері мен үрдістері, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды өткізуге өтінімдер беру процесіне оқыту болды (биддинг).

Спикер доктор іскерлік туризм және оқыту индустриясында бай тәжірибесі бар және Conference & Incentive Travel журналының нұсқасы бойынша Ұлыбританияның конференциялар индустриясындағы ең ықпалды             50 адамның «Power 50» тізіміне енген Роб Дэвидсон, «MICE Knowledge» компаниясының басқарушы директоры.

Ақырында, 2021 жылдың екінші жартысында MICE-туризм индустриясының өкілдері үшін 4 таныстыру туры өткізілді. Осы таныстыру турларына БАӘ, Венгрия, Түркия және Ресей Федерациясынан туризм саласындағы шетелдік компаниялардың 20 өкілі қатысты, өзара ынтымақтастық және Астана қаласын халықаралық деңгейде ілгерілету туралы 6 меморандум жасалды.

Туризм саласындағы соңғы жетістіктердің бірі 2021 жылғы мамырда қаланың «Visit Nur-Sultan»серіктестік бағдарламасының бастамасы болып табылады. Бұл қаладағы туризмнің барлық субъектілерін бір мақсатпен біріктіретін алғашқы бағдарлама – көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және пандемиядан кейінгі кезеңде елорданың туристік ағынын арттыру.

Қазіргі уақытта бағдарлама орналастыру орындары - Visit Nur-Sultan Comfort, тамақтану объектілері - Visit Nur-Sultan Taste, көрікті жерлер - Visit Nur-Sultan Discover, сервистік - Visit Nur-Sultan Support және көлік компаниялары - Visit Nur-Sultan Transport бойынша сертификаттауды қамтиды. Көшпелі тексеру нәтижелері бойынша қонақжайлық секторындағы                              12 компания талаптарға сәйкестігін растады және Visit Nur-Sultan Comfort сәйкестік сертификатын алды.

Бұдан әрі бағдарламаның барлық қатысушылары «Visit Nur-Sultan» каталогтарының базасында ілгерілейтін болады, олар Қазақстан Республикасының (ҚР) әлемдегі дипломатиялық өкілдіктері және ҚР-дағы басқа елдердің өкілдіктері, халықаралық көлік тораптары (әуежайлар, вокзалдар), сондай-ақ халықаралық қонақ үйлер базасында таратылатын болады.

Медициналық туризм салыстырмалы түрде туризмнің жаңа түрі болып табылады, сондай-ақ ерекше сипаттарға ие. Астана бүгінгі күні Орталық Азия елдері арасында медициналық туризмді дамыту бойынша перспективалық дестинациялардың бірі болып табылады. Медициналық сипаттағы қызметтерге деген сұраныстың өсімін және өңірлерде қызметтер алу мүмкіндігінің жоқтығын ескере отырып, Астанада бұл туристік өнімнің дамуы адамдардың хабардар болуын арттыруға, жаңа өнім құруға және өңірде туризм саласында өз орнын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Астана қаласында ҚР-дағы 7 клиниканың ішінен                            Joint Commission International (JCI) көрсетілетін қызмет сапасының әмбебап стандартына сәйкес келетін 6 клиника жұмыс істейді. Осы стандарт бойынша аккредиттеу денсаулық сақтау сапасының «жоғары деңгейін»білдіреді және клиникалардың, олардың кәсіби құрамының, сондай-ақ пайдаланылатын жабдықтың көрсетілетін қызметтердің сапа стандарттарының халықаралық деңгейіне сәйкестігін растайды.

Еңбек нарығында тұрақты жағдай сақталуда. 2023 жылдың 2 тоқсаны бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрды. 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 34 718 жаңа жұмыс орны құрылды.

Қала экономикасында барлығы 657,7 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде жалдалмалы қызметкерлер 579,5 мың адам, өздігімен жұмыспен қамтылғандардың саны 78,2 мың адам.

Орташа айлық жалақы 17,8% өсіп, 445,4 мың теңгеге жетті.

Ағымдағы жылы экономиканың негізгі салаларының оң серпіні байқалады.

Елорда экономикасына 784,6 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл             2022 жылдың көрсеткішінен 3,3%-ға жоғары.

Шамамен 2,3 млн. ш.м. тұрғын үй енгізілді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен 39,5 % жоғары.

Сондай-ақ, тұтынушылық сұраныстың өсуі байқалады. Бөлшек сауда көлемі 10,1%-ға, 1,4 трлн.теңгеге дейін ұлғайды. Көтерме сауда айналымының көлемі 3,9 трлн. теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен 8,9 % жоғары.

Тұтастай алғанда, биылғы жылы экономиканың өсуі шикізаттық емес сектордың озыңқы өсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұған ИИДМБ жобаларын іске асыру, ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде перспективалы салаларды дамыту арқылы қайта өңдеу және сервис салаларында қабылданатын шаралар ықпал ететін болады.Жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру есебімен, ағымдағы жылы ЖӨӨ деңгейі 4,8%-ға өседі деп күтілуде.

 

Экономиканың дамуының сыртқы және ішкі жағдайлары

Дамудың сыртқы жағдайлары.

«Астана» халықаралық қаржы орталығын (бұдан әрі – АХҚО) салу елорданың дамуы үшін маңызды жоба болып табылады, себебі ерекше құқықтық тәртіп Астанаға барлық еуразиялық макроөңір үшін қаржылық хабқа айналуына мүмкіндік береді. 

АХҚО дамыту сабақтас салалардың дамуына мультипликативті әсер етеді бұл секторлардың жанында туристерге және қаржы орталығының резиденттеріне заң қызметтері, консалтинг, аудит, транзит және логистика, инжиниринг және дизайн, қонақжайлылық индустриясы – отельдер, мейрамханалар, кафелер тәрізді өнімді қызметтер көрсететін салалар пайда болуда.

Капиталдың қазақстандық нарықтарына тікелей шетел инвестициялардың ағыны, экономикалық тұрғыдан пайдалы жаңа жобаларды іске асыру және еңбек өнімділігі өсімінің есебінен ЖӨӨ орташа есеппен жыл сайын 1% ұлғаяды.

Елдің ЖӨӨ-сіне АХҚО салымы 2025 жылға қарай шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде 12,1 млрд. АҚШ доллары елдің                  ЖӨӨ-сына АХҚО тікелей салымы құрайды. Шамамен 8 млрд. АҚШ доллары ЖӨӨ-ге салым ретінде Орталық Азия, Күнгей Кавказ елдері, ЕАЭС, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің клинеттеріне қызмет көрсетуден күтіледі.

ЖӨӨ қосымша жанама ықпал ұлттық экономиканың капиталға қол жеткізетін нақты секторының өсім қарқынының жеделдеуі есебінен құрылады.

Дамудың ішкі жағдайлары.

Елорданың дамуының бұдан арғы перспективалары жаңа өсім көздерін дамыту және әртараптандырылған қызмет көрсету саласының базасында жұмыс орындарын құру жолымен Еуразияның іскерлік және қаржылық орталығы ретінде дамуы болып табылады.

Экономиканың тұрақты дамуының – негізі мемлекеттік сектормен байланыспаған кәсіпкерлік болады. Ол үшін халықаралық қаржы орталығымен бірге медицина, білім, ақылды және заманауи өндірістер, креативті секторлар кластерлерін дамыту үшін ерекше аймақтар құрылады. Экономикадағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың ролі төмендей түседі.

Салалар құрылымында № 1 Индустриялық парк пен № 2 «Астана – жаңа қала» АЭА инфрақұрылымының негізінде тамақ, химия, фармацевтикалық өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс индустриясында жаңа жоғары технологиялық өндірістер ашылады.

Шағын айналма автожолын салу, негізгі көлік артерияларының және елорданың көлік инфрақұрылымы объектілерінің өткізу қабілеттілігін кеңейту жобаларын іске асыру көлік-логистикалық саланың дамуына елеулі түрткі болады.

Өз кезегінде, тиімді қызмет ететін көлік-логистикалық жүйе                         Астананың ұтымды географиялық орналасуын толық мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл жайт сауданың заманауи форматтарын дамытудың қолайлы факторына айналмақ.

Инвестициялық ахуалдың жақсаруына және Астана қаласына инвестиция тарту тетіктерін жетілдіруге экономиканың басым салалары ықпал ететі, олар сауда мен логистикада, креативтік секторда, девелопмент, заманауи өнер, мәдениет және спорт салаларында барынша жоғары нәтиже береді.

Астана халықаралық ғылыми және мәдени орталыққа айналдыру туристік ағынды өсіруге және орналастыру, қоғамдық тамақтандыру объектілерін және ойын-сауық индустриясын дамытуға мүмкіндік туғызады.

 

2. Астана қаласының 2024-2028 жылдарға арналған негізгі басымды даму бағыттары

«Қазақстан – 2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтары шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің жұмысы тұрақты экономикалық өсімді, әлеуметтік ахуалды және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ инфляция деңгейін ілгерілемелі төмендету мінддетерін шешуге бағытталады.

Елбасының «100 нақты қадам» және «5 әлеуметтік бастама» шеңберінде белгілеген міндеттерінің есебімен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары айқындалды:

1. тұрақты ақша-кредиттік саясат жолымен, инфляция деңгейін                     2028 жылға дейін кезең-кезеңмен 3-4 % дейін төмендету, инвестициялық ахуалды жақсарту, бюджет шығыстарын оңтайландыру жолымен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

2. жеңілдікті микронесиелер ұсыну, мемлекеттік қызметтерді бизнеске беру жолымен кәсіпкерлер үшін шығындарды қысқарту, бәсекелестікті дамыту және экономикаға жеке капиталды тарту жолымен бизнес-ортаны кеңейту және ынталандыру;

3. дәстүрлі базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандыру, экспорттық әлеуетті және еңбек өнімділігін, көлік-логнистикалық инфрақұрылымның, туризмнің, сауданың тиімділігін ұлғайту, сондай-ақ интеллектуалды көлік жүйесін, құрылыс секторда заманауи технологияларды енгізу арқылы салаларды технологиялық жаңғырту;

4. білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және деңгейін арттыру, денсаулық сақтау жүйесін қайта құру, өнімді жұмыспен қамту, сондай-ақ атаулы сипат арқылы әлеуметтік қамтудың адал жүйесін қамтамасыз ету арқылы адами капиталдың сапасын арттыру;

5. заманауи кәсіптік мемлекеттік аппарат құру, ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру.

 

3. Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары

3.1 Бюджеттік-салықтық саясат

Бюджеттік саясат мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және экономиканың одан арғы өсімін қолдауға бағытталады. Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қаражат тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының іске асырылуынын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінеді.

Мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындарды жекешелендіру және бәсекелік ортаға беру бюджеттің шығыс бөлігіне жүктеменің төмендеуіне және қаражаттың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

3.2 Инфляция деңгейін тежеу

2022 жылы экономика үшін маңызды сын-қатер инфляцияның өсуі болып табылады. Бұл үрдістің негізгі факторы – пандемияның әсерінен әлемдегі азық-түлік тауарлары бағасының өсуі, атап айтқанда логистикалық тізбектегі олқылықтар және кейінге қалдырылған сұраныс әсері. Осыған байланысты 2022 жылға арналған жылдық инфляция 15-20% деңгейінде болжануда. Инфляция бойынша орта мерзімді бағдар 3-4% деңгейінде белгіленген, оған 2028 жылға қарай қол жеткізу жоспарланып отыр.

Инфляция өсімін болдырмау мақсатында бәсекелік ішкі нарықтардың дамуының, бағалық сөзбайламмен және алақол бәсекелестікпен күрестің есебімен бағаларды тұрақтандыру бойынша шаралар жалғастырылады.

Нарықта мұнай өнімдерінің, азық-түліктің бөлшек бағалары ахуалының мониторингісі тұрақты негізде өткізіледі. Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда монополияға қарсы әрекет ету шаралары қабылданатын болады.

ӘМАТ-қа шекті мәндерді және шекті бағаларды белгілеу, сондай-ақ сауда желілеріне тіркелген бағамен ӘМАТ-ты өткізу бойынша олар үшін қарсы міндеттемелерді белгілей отырып, бір жылға пайызсыз қарыздар беру практикасы жалғасатын болады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін тұрақты түрде өткізу көзделеді, онда өнімдерді сату нарықтық бағадан 15-20% - ға төмен жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық - түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және оларға сауда үстемесін (бакалея өнімдеріне-15% - ға дейін, көкөністерге-7% - ға дейін) төмендету бойынша меморандумдарға қол қою бойынша сауда объектілерінің (базарлар, ірі сауда желілері) басшыларымен жұмысты жалғастыратын болады.

Азық-түлік қауіпсіздігі және ӘМАТ бағасын тұрақтандыру мақсатында әкімдік ірі отандық тауар өндірушілермен форвардтық шарттар жасасады, өндірушілерге коммуналдық және өзге де жеңілдіктер береді, көтерме-тарату желілерін құрады, коммуналдық нарықтарды кеңейтеді, қойма кешендерін салу жөніндегі жобаларды іске асыратын болады.

 

3.3 Экономика салаларын дамыту

Өнеркәсіп

Тұрақты экономикалық өсімді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту Индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы жалғастырылады.

Индустриялық кешенді әрі қарай дамыту заманауи, экологиялық және бәскекеге қабілетті өнеркәсіп өндірістерін құруды көздейді. Шикізаттық емес секторды кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, жаңа өндірістерді дамыту жоспарланады.

Қалалық өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі үлесі Технопаркте,    «Астана – жаңа қала» АЭА № 1 Индустриялық паркінде, Промышленный кентінде шоғырланған.

№ 1 Индустриялық парктің аумағы инвестициялық жобалармен 95%-ға толтырылған. 2010-2016 жылдар кезеңінде оның аумағында өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі мөлшері пайдалануға енгізілді (аффинажды зауыт, үй салу комбинаттары, темір жол машиналарын жасау және т.б.), бұл негізгі капиталға инвестициялардың және өңдеу өнеркәсібі өнімі шығарылымының ұлғаюына әсер етті.

Жыл басынан бері 34 жаңа жұмыс орнын құрумен, 665 млн. теңге сомасына 2 жоба іске қосылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін № 1 ЖК аумағында 16,8 млрд.теңге сомасына, шамамен 256 жаңа жұмыс орындарын құрумен тағы 7 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Индустриялық объектілерді орналастыру аумағы толғанын, сондай-ақ аталған алаңдарды әрі қарай дамыту іске асырылмайтындығын (бос жер учаскелерінің, инженерлік желілердің жоқтығы) ескере отырып, өнеркәсіптің көрсеткіштері алдағы 5 жылға әрекет етуші кәсіпорындар есебінен қамтамасыз етіледі.

Қала өнеркәсібінің оң экономикалық көрсеткіштерінің әрі қарай құрылуының, сондай-ақ тұрақты өсімнің қамтамасыз етілуінің есебімен өндірістік кәсіпорындарды орналастыру үшін жаңа алаңды дамыту жұмысы жүргізілуде (№ 2 Индустриялық парк).

Аталған аумақты қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді 2025 жылға қарай аяқтау жоспарланады (инфрақүұрылымның 1-ші кезегін 2025 жылға қарай салу, инфрақұрылымды толық аяқтау 2030 жылға қарай жоспарлануда).

Аталған алаңды дайындау жұмыстарының аяқталуынан кейін 2025 жылы өңдеу өнеркәсібінің жаңа инвестициялық жобалары тартылады.

«Астана–Технополис» АЭА № 2 Индустриялық паркін дамыту мәселелерімен әкімдік зертханалармен жабдықталған қажетті инфрақұрылымымен, кадрлар даярлайтын инкубациялық орталықтарымен ғылыми зерттеулер мен инновациялар өткізумен, өнеркәсіп кластерлерін біріктіру есебінен («Astana Business Campus»)Назарбаев Университетімен бірлесіп айналысады.

Индустриялық парктердің базасында жаңа кәсіпорындар ашу көзделеді, оның ішінде № 2 индустриялық парк аумағында 500 млрд. теңге сомасына шамамен 150 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланады.

Энергетика саласында ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту жоспарлануда, бұл орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың қосымша 2~2,5 млн.шаршы метр тұрғын және коммерциялық алаңын қамтамасыз етеді.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасының көрсеткіштерін жақсарту мақсатында «Қазбек» қосалқы станцияларын салу, таратупункттерін, трансформаторлық қосалқы станцияларды және басқа да объектілерді реконструкциялау жоспарланады, бұл Мыңжылдық аллеясының салынып жатқан және перспективалы құрылыстарын, Теміржол тұрғын алабын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді, қаланың оңтүстік-батыс бөлігінің ұлғайып келе жатқан электр жүктемесін өтеуге және электр желілеріндегіавариялық ажыратуды төмендетуге мүмкіндік береді.

Сумен қамту саласында таяудағы 5 жылда 150 км сумен қамту желілерін және 81 км су бұру желілерін реконструкциялау және салу жоспарланады, бұл судың коммерциялық шығынын 5-7%-ға қысқартуға, сумен қамту және су бұру желілерінің сенімділігін арттыруға әкеледі.

 

Туризм

Қазіргі уақытта қаланы дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеу жұмыстары шеңберінде жеке бағыт – туризм бағыты ерекшеленеді.

Астана қаласының туризмін дамытудың үш басымды бағыты айқындалды: MICE (іскерлік туризм), медициналық және қалалық рекреациялықтуризм түрлері.

Астана қаласының туристік саласын әрі қарай дамыту және туристік бағыт ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыру ҚР тұрғындары мен шетел азаматтары үшін қаланың танымдылығын қамтамасыз ету, әлемдік деңгейдегі туристік ұсынысты құру, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды және тиісті қызметтерді дамыту бойынша шараларды іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Бұл шараларды іске асыру 2028 жылға қарайқаланың Орталық Азияның іскерлік және оқиғалық туризмнің орталығына айналуына мүмкіндік береді.

ЭКСПО үшін құрылған инфрақұрылым төлемі жоғары шетел туристерін тарта отырып, елорданы конгрестік-көрмелік және іскерлік іс-шаралар орталығы ретінде ұсынуда әлеуетті әрі қарай жоғарылатуға мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін елорданың қалалар мен ICCA елдері рейтингінің (конгрестер мен конференциялардың халықаралық қауымдастығы) үздік 100 дестинациясына кіру мақсатында өткізілген халықаралық ротацияланатын іс-шаралар саны бойынша қалада кемінде халықаралық ауқымдағы 20 ірі іс-шара өткізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Осыған байланысты туристік нарықтың жергілікті өкілдерімен, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтар мен бірлестіктермен, әсіресе экономиканың жетекші салаларындағы ұйымдар қатарынан, сондай-ақ бизнес және корпоративтік сектор өкілдерімен шоғырландыру күшейтілетін болады. Сондай-ақ, барлық салаларда туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін индустрия қызметкерлерінің біліктілігін арттыру факторы (қонақжайлылық, тамақтану, трансфер, іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету және т.б.) маңызды болып табылады.

Іс-шаралар туристердің қонақ үйде тұру шығындарынан, көлік пен тамақтану шығындарынан, қосымша қызметтер мен кәдесый өнімдерін сатып алғанға дейін тікелей кіріс арқылы жергілікті экономикаға жағымды әсер етеді. Әдетте, олар үй-жайларды жалға алу және безендіру, техникалық мамандардың, аудармашылардың және нарықтың басқа да қатысушыларының қызметтері арқылы жанама кіріс әкеледі, осылайша жергілікті жерде 100-200 жұмыс орнын қолдайды.

Астана қаласының медициналық туризм бойынша орталық-азиялық көшбасшы ретіндегі имиджін құру және нығайту шеңберінде халықаралық медициналық көрмелерге, конгрестерге, конференцияларға жыл сайын қатысу жолымен қаланың медициналық әлеуетін ілгерілеті және көрсету жұмысын күшейту жоспарланады. Сондай-ақ, туристік инфрақұрылым мен медициналық мүмкіндіктерді көрсету мақсатында шетелдік клиникалар, дәрігерлер, туристік компаниялар үшін қаланың негізгі медициналық ұйымдарына таныстыру медициналық турларын ұйымдастыру.

Бұдан басқа, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың мамандарын госпитальдық және мейірбикелік сервиске, медициналық маркетингке және медициналық туризм көшбасшысы елдердің тәжірибесі бойынша медициналық туризм менеджментіне оқыту жоспарланған.

Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретінде Астананың имидждік ілгерілеуі үшін халықаралық туристік және медициналық көрмелерде, конференцияларда, ҚР шетелдегі елшіліктерінде тарату үшін медициналық каталог шығару көзделген. Сондай-ақ, ақпараттық қолжетімділік үшін Астана қаласының медициналық туризм сайтын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шетелдік пациенттердің сенім деңгейін арттыру мақсатында және маркетингтік іс-шаралар шеңберінде шекаралас қалаларда алғашқы консультациялар мен жарнамалық іс-шараларды өткізу үшін 7 JCI клиникаларының медициналық мамандарымен бірлесіп көшпелі ақпараттық іс-шаралар іске асырылатын болады.

2023 жылғы 4 шілдеде "Астананың 25 жылдығы: Астана – болашақ қаласы" бауырлас қалалар әкімдерінің форумы аясында медициналық туризмнің жаһандық нарығын дамыту мәселелерінде беделді сарапшылардың қатысуымен "Медициналық туризм өсудегі проблемалар мен драйверлері", "Астана медициналық туризм картасында" атты екі панельдік сессия ұсынылды. Қатысушы елдер: Қазақстан, Беларусь, Ресей, Израиль, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, сондай-ақ, жетекші республикалық медициналық ұйымдар, оның ішінде JCI халықаралық сапа сертификатымен аккредиттелген ұйымдар.

Сондай-ақ, 2028 жылға дейін зәкірлік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, туристерді тарту үшін "зәкірдің" бірімәдени, спорттық және ойын-сауық сипаттағы бұқаралық іс-шаралар (Германиядағы Октоберфест, Венеция карнавалы, Үндістандағы Холи фестивалі, Рио-де-Жанейродағы карнавал және т.б.).

Сондықтан спорттық және мәдени-ойын-сауық іс-шараларының күнтізбесін толтыру бойынша жоспарлы жұмыс жалғастырылатын болады. Солайша, шетелдік туристер ағынын тарту және туристік дестинация ретінде қала туралы хабардарлықты арттыру үшін Comic Con костюм фестивалі, музыкалық фестивальдар, концерттер және т.б. сияқты халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу жоспарлануда.

Астана қаласы іс-шаралар жобаларын, оның ішінде эко-және этнотуризмді, сондай-ақ медициналық, іскерлік, спорттық және балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту жөніндегі іс-шаралар жобаларын іске асыру арқылы Қазақстанда іс-шаралар туризмін дамытуды қолдауды жүзеге асыратын болады.

Сонымен қатар, туризмді насихаттау үшін сандық алаңдарда іс-шараларды насихаттау жүзеге асырылады (сайттар, YouTube, Instagram Facebook әлеуметтік желілері және т. б.).

 

Құрылыс

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы келесі негізгі бағыттар бойынша жалғастырылатын болады: жас отбасыларға арналған, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға арналған, «Отбасы банк» АҚ желісі бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй.

Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде жаңа тұрғын үйдің қолжетімділігі жолымен өңірлерде қолайлы және ыңғайлы өмір сүру жағдайларын жасау жұмысы жалғастырылады.

Бағдарламаларды іске асыру жеке капиталды тартуға бағытталған және тұрақты табысы бар әрбір азаматқа тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, 2028 жылға дейін 1 адамға шаққанда тұрғын үйдің                    35 шаршы метрге дейін қолжетімділігін арттыру жоспарланады, бұл тұрғын үй құрылысын дамыту үшін түрткі болады және экономиканың одан әрі өсімі үшін мультипликативтік әсер құрайды.

 

Көлік

Еуразиялық континенттің ортасында ыңғайлы орналасуы Астана экономикалық тұрғыдан ұтымды көліктік, коммуникациялық және логистикалық орталыққа, Еуропа мен Азия арасындағы ерекше транзиттік көпірге айналдырды.

Қазақстан ауқымында елорда «Орталық-Шығыс», «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Батыс» өңіраралық автожолдар желісін байланыстыратын көліктік хаб болып табылады.

Пайдалануға енгізілген жаңа теміржол вокзалы, әуежай терминалы, Шағын айналма жол құрылысының аяқталуы, автожолдардың жіберуқабілеттілігін кеңейту жоспарлы кезеңде өсіп жатқан жүк және жолаушылар ағынына көлік қызметтерін көрсетуге қабілетті көлік инфрақұрылымын дамытуға ықпал етедi.

Күнде қалаға келетін, 75 мыңнан асатын транзиттік көлік құралдарын қоспағанда, Астана қаласында тіркелген көлік құралдарының жалпы саны             400 мыңнан астам. Қаладағы автомобильмен қамтамасыз етілудің жыл сайынғы өсімі 8-9%-ды құрайды.

Жоғары деңгейдегі автомобильмен қамтамасыз етілудің және жол-көлік инфрақұрылымыныңжетіспеуінің нәтижесінде қауырт кезеңде жол-көлік желісіне айтарлықтай жүктеме түседі, бұл көлік ағынының орташа жылдамдығының 10 км/сағ дейін төмендеуіне әкеліп соғады.

Осыған байланысты, көліктік қаңқақалыптастыру елорданың жолдарында көліктік коллапстың туындау ықтималдығына жол бермеугемүмкіндік береді және тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік объектілерге көлікпен бару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 2021-2025 жылдар аралығындағы кезеңде 121 км жол, 2 көліктік жол айрығын, 3 көпірсалу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Астана қаласының 2030 жылға дейінгі шебер-жоспарының шеңберінде қаланың кешенді көлік кестесі әзірленді. Ол көше-жол желісін дамыту, жаяу жүру және велосипед қозғалысын жетілдіру, қаланың қолданыстағы көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру және халық үшін көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру есебінен көлік инфрақұрылымын оңтайландыру, жол қозғалысы кестесін оңтайландыру және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, жеңіл автомобильдерді сақтау және олардың тұрағын ұйымдастыру, қаладағы жүк тасымалын оңтайландыру бойынша бастамаларды қамтиды. Көліктік айырымдардың, жаяу жүру өткелдерінің, қиылыстардың, бұрылыстардың және т.б. жаңа техникалық шешімдері ұсынылады.

Бағдарлама қалада жеке автомобильді пайдаланудың тартымдылығын әрі қарай төмендетуді және жаяу жүрушілер, велосипед және қоғамдық көлік үшін жол-көлік желісінің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігінің басымдығын, ақылы тұрақ орындар санының ұлғаюын қарастырады.

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Салада «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асырылуы жалғастырылатын болады. Барынша ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті экономика құру үшін экономика саласында интеллектуалды жүйелерді барынша енгізу көзделеді.

Негізгі күш 3G, 4G және 5G технологиялары бойынша мобильдік байланыс қызметтерін дамыту арқылы мобильдік кең жолақты Интернет желісінің абоненттерін ұлғайтуға бағытталатын болады.

Бизнес жүргізу шарттарын жақсарту үшін орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін барынша оңтайландыру, қосарланған рәсімдерді болдырмайтын құжаттардың тізбесін және орындау мерзімін қысқарту және оларды толық электронды форматқа ауыстыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Сауда

Өмір сүру және бизнес жүргізу үшін ыңғайлы мегаполис ретінде                        Астана қаласының мәртебесін нығайту мақсатында негізгі даму басымдықтарының бірі заманауи сауда нысандарына ауысу болып табылады.

Орта мерзімді перспективада тұрақтандыру қорларының қызметі үшін барынша икемділікті енгізу, ірі сауда желілерін олар үшін өзіндік құны бойынша ӘМАТ-ты іске асырудың қарсы міндеттемелерін белгілей отырып, қаржыландыру, СҚПТ-ны іске асыруға ретро-бонустар белгілеуге тыйым салу және қалған азық-түлік тауарлары үшін 5,0% - дан аспайтын мөлшерде белгілеу мәселелері пысықталатын болады.

1 және 2 санаттағы сауда объектілерін салу және стационарлық емес нарықтарды жаңғырту, сауда инфрақұрылымын кезең-кезеңмен ұлғайту салауатты бәсекелестікті дамытуды және азық-түлік тауарларының өсуіне теріс әсерді қысқартуды қамтамасыз етеді.

 

3.4. Бизнес-ахуалды және инвестициялық тартымдылықты жақсарту

Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту мақсатында бизнес-ортаны дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған реформалар жалғасатын болады.

Кәсіпкерлерді қолдауда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба үлкен рөл атқарады.

Мәселен, Ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылы 104,7 млрд. теңге сомасына 1 853 жобаға қолдау көрсетілді, оның ішінде:

- өндірістік инфрақұрылым аясында 1,9 млрд. теңге сомасына 3 жоба мақұлданды;

- екінші бағыт шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша Екінші деңгейдегі банктер арқылы кредиттік желі сомасына 102,1 млрд. теңгеге 1 715 шартқа қол қойылды;

- грант шеңберінде 619,6 млн. теңге сомасына 135 жоба мақұлданды.

2021 жылдың соңында әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін "Әлеуметтік кәсіпкерлік" термині заңнамалық түрде бекітіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары әзірленді.

Бұл тетік әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға ықпал етеді.

Өңірлік деңгейде инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыс нақты индикаторларды, жобаларды, сондай-ақ белгілі бір саладағы немесе өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жүйелі шараларды көздейтін инвестицияларды тарту жөніндегі жыл сайынғы өңірлік жоспарлар шеңберінде жүргізілетін болады.

 

 

 

3.5 Адами капиталдың сапасын жақсарту

Адами капиталды дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жақсарту, тиісті инфрақұрылымды кеңейту, мектептерді жаңғырту, білім беру сапасын арттыру, кәсіптік оқыту үшін мүмкіндіктер жасау, білікті кадрларды жедел даярлау, ғылымды дамыту, медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, азаматтарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Білім беру саласында білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

«Сапалы білім беру» және «Жайлы мектеп»ұлттық жобалары шеңберінде үш ауысымды мектептер проблемасын шешу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Орта білім беру жүйесінде мемлекеттік және жеке меншік мекемелерді (жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыра отырып) салу және ашу арқылы инфрақұрылымды кеңейту жалғастырылады.

Өткен жылы елордада бұрын қол қойылған инвестициялық келісімшарттар аясында салынған 16 мың оқушы орнына 4 мектеп пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы білім беруді қолдау есебінен 16600орындық тағы 11 мектеп пайдалануға беріледі.

"Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға қарай қажеттімамандықтар бойынша жастарды, бірінші кезекте 9-сынып түлектерін тегін ТжКБ-мен қамтуды 100% - ға дейін жеткізу көзделген.

Мемлекеттік колледждерді ШЖҚ-ға ауыстыру аяқталады. Бұл шара колледждерде басқару, қаржыландыру, инвестициялық саясат жүйесін жетілдіруге, оқу орындары қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ персоналды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Колледж түлектерін тиімді жұмысқа орналастыру мақсатында елордалық кәсіпорындар мен ұйымдардың өтінімдері бойынша кадрларды даярлау және ірі кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы жалғасады.

Арнайы білім беру саласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытумен 100% қамтуға қол жеткізілетін болады. Барлық білім беру ұйымдарында кедергісіз қолжетімділік құрылады. Ғылыми-білім беру кластері базасында елорданың жоғары оқу орындарының (Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және басқалар), сондай-ақ Астана агломерациясын дамыту мақсатында Шортанды ауданындағы "Шортанды" ғылыми-зерттеу кешеніхалықаралық даңқын ілгерілету жөнінде шаралар кешені қабылданатын болады.

Студент жастарға арналған жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі елордада жұмыс істеп тұрған хостелдерді жалға алу есебінен шешілетін болады.

2024 жылы ШЖҚ "Astana Polytechnic "Жоғары колледжі" МКК студенттері үшін 1000 орындық жатақхана салу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласындағы саясат 2021-2025 жылдарға арналған  «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы шеңберінде сапалы және қолжетімді медициналық көмек, отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын ұсынуды қамтамасыз етуге, саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталатын болады.

Бұл аурулардың барынша кең спектрін диагностикалауды және емдеуді қамтамасыз етуге, 16 жасқа дейінгі барлық балаларды медициналық қызмет көрсетудің барлық спектрімен қамтуға, сондай-ақ медициналық білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.

2020 жылы мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ қатысуына негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді.

МӘМС енгізілуімен медициналық көмек сапасын қамтамасыз етуде медициналық қоғамдастықтың рөлі артады. Консультативтік-кеңесші орган – медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия құру арқылы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың институционалдық тетігі іске асырылды. Медициналық көмекті ұйымдастырудың 30-дан астам стандарттары енгізілді, дәлелді медицинаға негізделген 1300-ден астам клиникалық хаттамалар бекітілді. Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жүргізілуде.

Халықтың өсуін ескере отырып, елорда аумағында денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамытуды іске асыру басталды. Ағымдағы жылы 11,5 млрд. теңге сомасына 2 объектінің құрылысы аяқталуда.

2024-2026 жылдары пайдалануға беріле отырып, 313 млрд. теңге сомасына 12 объект салу жоспарланды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 268,5 млрд.теңге сомасына 5 объект салу қарастырылды.

Жергілікті бюджет есебінен 8,5 млрд. теңге сомасына 2 объект салу жоспарлануда.

Жеке инвестициялар үлесін арттыру мақсатында 36 млрд. теңге сомасына бес емхана салу жоспарлануда.

Бұл денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуға, пациенттерді емдеуде сапа мен мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, пациенттердің шетелге кетуін азайтуға және келу медициналық туризмін қамтамасыз етуге, медициналық жоғары оқу орындары үшін клиникалық базалар құруға, ғылымның, білімнің және клиникалық қызметтің үштұғырлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтауды цифрландыруды дамыту арқылы қала тұрғындары қашықтықтан медициналық қызметтер мен электрондық құжаттарды алу мүмкіндігіне ие болады, бұл шағымдар санын айтарлықтай қысқартады және емханалық буын жұмысының тиімділігін арттырады.

Тұтастай алғанда, бұл азаматтардың ортақ жауапкершілігіне және олардың денсаулықты нығайтуға мүдделілігіне қол жеткізуге, өмір сүру ұзақтығын 78,7 жасқа дейін арттыруға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін құруға, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мәдениет саласын дамытудың негізгі басымдықтары «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасында айқындалған.

Мемлекеттік тілдің Қазақстан халқының мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін дамытудың шоғырландырушы факторы ретіндегі рөлі нығайтылатын болады.

 

4. Экономикалық өсудің негізгі факторлары және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы

Болжамды кезеңде жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) көлемі                                2028 жылға қарай 19,3 трлн. теңгені құрайды. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2028 жылға қарай бір адамға 25 045АҚШ долларын құрайды.

2024-2028 жылдар ішінде қаланы дамыту Халықаралық қаржы орталығы, «Astana Business Campus» ғылыми паркі, көліктік қолжетімділіктің бір жарым сағаттық изохронында орналасқан Астана агломерациясының контр-магнит қалалары, перспективалы құрылыс аумағы және т.б. негізінде экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастырумен сүйемелденетін болады.

Жаңа экономикалық саясаттың басымдықтарын ескере отырып, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған 10 басым сектор анықталды:

5 саудаланатын туризм, девелопмент, қазіргі заманғы өндіріс, қаржы орталығы, мемлекеттік сектор, халықаралық ұйымдар және ТҰК үшін қызметтер;

және 5 қолдау білім беру, денсаулық сақтау, сауда және логистика, мәдениет және спорт, креативті секторлар.

 

Әлеуметтік-экономикалық дамудың аса маңызды нысаналы индикаторлары

 

Индикатор

2023жыл

2024жыл

2025жыл

2026жыл

2027жыл

2028жыл

ЖӨӨ, %

104,8

105,1

105,3

105,5

105,8

106,0

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі, %

100

101,1

101,7

102,1

102,8

103,1

Бөлшек сауда айналымының көлемі, %

110,6

110,8

111,2

111,5

111,7

112,2

Құрылыс жұмыстарының көлемі, %

102,8

103,2

103,8

104,2

104,5

104,8

Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге

1 300,0

1 400,0

1 450,0

1 500,0

1 670,0

1 750,0

 

Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру орта мерзімді болашақта экономиканы дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады, себебі өңдеуші өнеркәсіп экономиканы технологиялық жаңғыртуға қол жеткізуге мүмкіндік береді, ең көп жұмыс орындарын шоғырландырады.

Жұмыс істеп тұрған мекемелердің жобалық қуатқа шығуды және жаңа өндірістерді пайдалануға енгізуді ескере отырып, өнеркәсіптік өнімдерді шығарудың орташа жылдық өсу қарқыны орта мерзімді кезеңде 4% құрайды.

2028 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өседі деп күтілуде, олардың ЖӨӨ қалыптастыруға қосқан үлесі 60%-ға дейін артады.

Ішкі тұтыну белсенділігі сауда қызметтерінің өсуіне ықпал етеді. Бөлшек сауда айналымының көлемі жылына орта есеппен 4-5%-ға өсуі болжанады.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын және                «7-20-25» бағдарламасын іске асыру елорда аумағында белсенді тұрғын үй құрылысына оң әсер етеді. 2028жылға қарай 12,6 млн.шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, әлеуметтік секторды одан әрі жаңғырту мақсатында денсаулық сақтау, білім беру сапасын жақсарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын іске асыру жалғасатын болады.

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру 2028жылы жұмыссыздық деңгейін 4,6%-дан аспайтын деңгейге қол жеткізуге ықпал ететін болады.

Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы оңсерпінге ие болады және 2028 жылға қарай 717 866 теңгеге жетеді.

Астана қаласының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада ұсынылған.

 

5. Жергілікті бюджеттің 2024-2026 жылдарға арналған негізгі параметрлері

5.1 2024- 2026 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы

2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетінің кірістері Салық кодексінің және өзге де нормативтік-құқықтық актілер ережелерінің және бірқатар жылдар бойынша бюджетке түсетін түсімдердің серпінін ескерумен, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде айқындалды.

2024-2026 жылдар кезеңінде 1 921 млрд. теңге жеке кіріс түсімі күтілуде, оның ішінде 2024 жылы – 594,5 млрд. теңге, 2025 жылы – 639 млрд. теңге, 2026жылы – 687,2 млрд. теңге.

Алдағы үш жылдық кезеңдегі салық түсімдері елорданың жеке табыстарының жалпы көлемінің шамамен 99% қамтамасыз етеді.

2024 жылға арналған салық түсімдерінің құрылымында ЖТС 230,9 млрд. теңгені немесе 39%, әлеуметтік салық – 148,7 млрд.теңгені немесе 25%, КТС – 149,6 млрд. теңгені немесе 25,3%, меншік салығы50,3 млрд. теңгені немесе 8,5% құрайды.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде мынадай индикативтік факторлар ескерілді:

- республикалық бюджетке КТС төлеушілердің тізбесіне өзгерістер енгізу;

- жалдамалы қызметкерлер саны мен орташа жалақыны ескере отырып, еңбек нарығының күтілетін өсу қарқыны;

- меншік салығы бойынша салық салынатын базаның жыл сайынғы өсу қарқыны;

- салық түсімдерінің жекелеген санаттарын есептеу үшін негіз ретінде айлық есептік көрсеткіштің жыл сайынғы өсу қарқыны.

2023 жылғы бюджеттің жалпы көлемінде шамамен 36% инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ағымдағы шығындарға бағытталған республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттер құрайды.

Мәселен, 2023 жылы түзетілген бюджеттің жалпы көлемі 1 178 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде РБ-дан трансферттер мен кредиттер түсімдері – 429 млрд. теңге, оның ішінде: даму трансферттері – 399 млрд. теңге, ағымдағы трансферттер30 млрд. теңге.

Алдағы үш жылдық кезеңге (2024-2026 жылдар) шығыстар саясаты мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ережелерін қатаң сақтауға бағытталған.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған міндеттерін ескере отырып, 2024-2026 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі басым шығыстары:

1) Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

2) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

3) көлік инфрақұрылымын дамыту;

4) энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту;

6) тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту;

7) әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

8) кәсіпкерлікті қолдау.

2024-2026 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің бюджеттік параметрлерінің болжамы 2-қосымшада келтірілген.

 

5.2 Бюджетаралық қатынастар

Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексімен айқындалған бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен кірістерді бөлу қағидаттарында құрылады және ең алдымен облыс – аудан деңгейінде өзара іс-қимылдың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, басқарудың әр деңгейінің дербестігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын өткізуді ынталандыруға бағытталған.

Астана қаласының Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа, Нұра аудандарының жеке бюджеттері жоқ, осылайша, бюджетаралық қатынастар Астана қаласында республикалық бюджет пен қала бюджеті арасында қалыптасады.

Республикалық бюджеттен бөлінетін даму трансферттері және нысаналы ағымдағы трансферттер Астана қаласы бойынша бюджетаралық қатынастарды шұғыл реттеу құралдары ретінде пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңына сәйкес Астана қаласы республикалық бюджет донорларының үш өңірінің қатарына жатқызылды. 2024 жылға алып қою көлемі 74,7 млрд. теңге, 2025 жылға – 74,6 млрд. теңге сомасында айқындалды.

Нысаналы даму трансферттері шығыстарының саясаты индустриялық-инновациялық дамуға, тұрғын үй құрылысын іске асыруға және елорданыодан әрі дамытуға бағытталатын болады.

 

5.3 Жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары

2024-2026 жылдары бюджеттік саясат мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігінесүйене отырып, елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының міндеттерін шешуге, мемлекеттік міндеттемелерді толық көлемде орындауға, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Білім беру саласында шығыстар балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, сапалы мектеп және кәсіптік білім беруді қамтамасыз етуге, балаларды түзету ұйымдарында арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтуға, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауды ұйымдастыруға бағытталған.

Елордада сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары ғимараттарынматериалдық-техникалық жабдықтау мен күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша шаралар қарастырылған. Сондай-ақ кітапхана қорларын оқулықтармен жаңарту және толықтыру, жалпы білім беретін мектептердегі барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру көзделген.

Бұдан басқа, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың санын, есірткіге тәуелділік пен алкоголизм жағдайларын азайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бюджеттебалаларды жасөспірімдерге арналған спорт мектептерімен, ғылыми және шығармашылық үйірмелермен қамтуға бағытталған қосымша білім беру үшін қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, жетім балаларды мандандырылған білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қаражат қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласындағы саясат сапалы және қолжетімді медициналық көмекті, отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын ұсынуды қамтамасыз етуге, 2021-2025 жылдарға арналған                 «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы шеңберінде салауатты өмір салтын жүргізетін азаматтардың үлесін ұлғайтуға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталатын болады.

Бұл аурулардың барынша кең спектрін диагностикалауды және емдеуді қамтамасыз етуге, 16 жасқа дейінгі барлық балаларды медициналық қызмет көрсетудің барлық спектрімен қамтуға, сондай-ақ медициналық білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласындағы саясат Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ), денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға да бағытталатын болады.

 

Халықтың өсуін ескере отырып, елорда аумағында денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамыту іске асырылуда. Ағымдағы жылы 11,5 млрд. теңге сомасына 2 нысанның құрылысы аяқталуда:

1. Республикалық бюджет есебінен 1,5 млрд. теңге сомаға патологиялық-анатомиялық бюро;

2. 10 млрд. теңге сомасына жеке инвестициялар есебінен Нұрлы Жол вокзалы ауданында ауысымына 500 келушіге арналған амбулаториялық кешені

2024-2026 жылдары 313 млрд. теңге сомасына 12 нысан салу жоспарланған, оның ішінде:

- республикалық бюджет есебінен 268,5 млрд. теңге сомасына 5 нысан салу көзделді.

- жергілікті бюджет есебінен 8,5 млрд. теңге сомасына 2 нысан салу жоспарлануда.

- жеке инвестициялар есебінен 36 млрд. теңге сомасына бес емхана салу жоспарлануда.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ өзге де адамдар нәтижелі жұмыспен қамтуға тартылатын болады.

«Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» жобасының бірінші бағыты шеңберінде «Өз ісін ашу және дамыту үшін жағдайлар жасау» міндеті белгіленген, онда "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде оқудан кейін және «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде адамдарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жеке ісін ашқан адамдардың үлесін ұлғайту бойынша көрсеткіштер көзделген.

Екінші міндет «субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту» субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесін және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысатын кәсіпорындар құрамындағы жеке сектордың үлесін ұлғайту бойынша көрсеткіштерді көздейді. Осы көрсеткіштер шеңберінде «Түлектерге арналған жастар практикасы», «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары», «Қоғамдық жұмыстар», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары іске асырылатын болады.

«Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру» көрсеткіші «Жұмыс берушілердің» сұрауы бойынша «Жұмыссыздарды оқу ұйымдарында оқыту», «Жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту» іс - шараларын және enbek.kz платформасында талап етілетін дағдыларға онлайн-оқытуды енгізуді көздейді.

«Кәсіпкерлердің өсуін жеделдету» жобасының екінші бағыты шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жас кәсіпкерлерге және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру туралы іс-шаралармен бірге «Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру»  міндеті көзделген.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттің саясаты әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейту арқылы оны оңтайландыруғабағдарланған.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес және мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескерумен өмір сүру минимумының құрылымы қайта қаралды.

Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың ұзақ мерзімді тұжырымдамасы шеңберінде қолданыстағы көп деңгейлі жүйені сақтай отырып және мемлекеттің, қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейте отырып, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту жалғасатын болады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айрылу жағдайларына МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30% - ға ұлғайтылды.

Сонымен қатар, жергілікті өкілді органнның шешімі бойынша жыл сайын жергілікті бюджет есебінен қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруге, мерекелік күндерге ақшалай төлемдерге, коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуге және мерзімді баспаға жазылуға арналған материалдық көмекке арналған шығыстар, құрметті азаматтарды әлеуметтік қолдау, қатты отынды сатып алуға азаматтардың жекелеген санаттарына өтемақы, жетім балаларды, мүгедек-балаларды, көпбалалы отбасылардың балаларын оқытуға өтемақы, санаториялық-курорттық емделуге арналған жеңілдіктер, тісті протездеу және ауыз қуысын санациялау, дәрілік қамтамасыз ету, мүгедектерді тасымалдау үшін әлеуметтік көмек, туберкулездің белсенді түрімен ауыратындарды жолақы билеттерімен, азық-түлікпен қамтамасыз ету қарастырылады.

Мәдениет және спорт саласында ҚР өмір сүретін халықтың мәдени демалысын қамтамасыз ету және музыка өнері саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, қазақ ұлттық мәдениетті, республика халықтарының мәдениетін және әлемдік мәдениетті дамытуға белсенді ықпал ету; шығармашылық одақтармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, жаңа жылдық іс-шаралар, мерейтой күндерін және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу, сондай-ақ мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылады.

Бұдан басқа, халықтың материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштерін жинақтауға және сақтауға, тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз етуге, тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін анықтау, еспке алу, қорғау, қалпына келтіру, консервациялау, регенерациялау, пайдалану және насихаттау жұмыстарын жүзеге асыру; заңнамамен белгіленген тәртіпте тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау, есепке алу және қалпына келтіру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; жас дарындарға, мәдениет пен өнер қызметкерлеріне қолдау көрсету, материалдық-техникалық базаны нығайту және театрлық ойын-сауық іс-шаралар, қойылымдар, спектакльдер өткізу, гастрольдер ұйымдастыру.

Спортты дамыту балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз етуге, спорт объектілерін ұстауға және дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, қалалық спорт іс-шараларын өткізуге бағытталады.

Қорғанысты дамытуға арналған шығыстар мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- әскерге шақыру және қосып тіркеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

- азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шаралары;

- жұмылдыру дайындығы және жергілікті атқарушы органдарды әскери уақытта қызмет етуге жұмылдыру;

- локальдық басқару жүйелерін құру, жетілдіру және тұрақты дайындықта ұстау;

- Азаматтық қорғаныс мүлкін жинау, сақтау, жаңарту және тұрақты дайындықта ұстау;

- ақпараттық-насихаттау жұмысы және азаматтық қорғау іс-шараларын өткізу, ТЖ алдын алу және жою

Елордада қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздіктіқамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес іске асырылады.

Құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында елорда аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметкерлерін ұстау және ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру қарастырылады.

Бұдан басқа, халықты ақпараттандыру және нашақорлыққа қарсы күресті насихаттау, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланады.

Ауыл шаруашылығында ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыруға; ауыл шаруашылығы малдарын, техника мен технологиялық құралды сатып алуға арналған лизингті субсидиялауға; АҚК субъектілерінің, АӨК саласындағы әзірлеу ұйымдарының қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы шығыстарының бөлігін өтеуге арналған шығыстар жоспарланды.

Қоршаған ортаны қорғау саласында жер бетіндегі суларға гидрохимиялық мониторингке; халыққа экологиялық білім беруге; жануарлар және өсімдік әлемінің популяциясына және оны сақтауға тұрақты мониторинг өткізуге; құнды балықтар тұқымын өсіруге; бюджеттік ұйымдарда құрамында сынап бар шамдарды сынаптан арылтуға (жоюға); Есіл өзенінде мелиоративтік жұмыстар өткізуге; Есіл өзенінде кеме жүзетін бөлігінде түбін тазалау жұмыстарын өткізуге; навигациялық құралдар белгісін қоюға (алып тастауға) және оларға қызмет көрсетуге және кеме жүзуге ағымдағы қызмет көрсету жұмыстарына; Астана қаласының жан-жағындағы «Жасыл белдеуді» ұстау жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстар жоспарланды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жаңа тұрғын үй, жоспарланған және салынған тұрғын үй кешендеріне инженерлік желілер мен жолдар салу, саябақтар мен гүлзарлар салу, көшелік жарықтандыру желілерінің ұзақтығын ұлғайту, коммуналдық шаруашылықты, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды және сумен қамту және су бұру жүйелері мен нөсер арнасы жүйесін дамыту жоспарлануда.

Бұдан басқа, көшелік және ішкікварталдық жарықтандыру, уақтылы санитариялық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жолымен елорда тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлы өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Астана қаласын елорда ретінде дамыту тек әкімшілік және іскерлік функцияларды іске асыруды ғана емес, халықтың өмір сүруінің жоғары деңгейі мен сапасына қол жеткізуді де көздейді. Осыған байланысты, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік саясатын әрі қарай іске асыру қарастырылады.

Астана қаласы бюджетінің есебінен жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй құрылысының қарқынын ұлғайту мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және босату шаралары қабылдануда. Тұрғын үйлерде апаттық жағдайлардың алдын алу үшін апаттық және ескі тұрғын үйлерді бұзу жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

Елорданың көлік-коммуникациялық кешенінжәне көлік инфрақұрылымын дамыту үшін:

- көлік айырықтарын, жерасты өткелдерін, автомобиль жолдарын салу;

- асфальт жабынын жаңарту жолымен жергілікті маңызы бар жолдар мен көшелерде орташа жөндеу жұмыстарын өткізу;

- аялдама кешендерін ауыстыру, орналастырылған жол белгілерін жаңарту, жол сілтеуіштерін сатып алу және орналастыру, жолдардың магистральдық учаскелерінде қоршаулар, мектептердің, балабақшалардың, әлеуметтік маңызы бар объектілердің жанында өтуі қиын учаскелерде бағдаршам объектілерін орнату жоспарланады.

 

5.4. Басымдықтарды іске асыруға бағытталған шығындардың жаңа бастамалары

Мемлекет басшысының тапсырмаларының есебімен, 2024-2028 жылдарға қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында жаңа бастамаларға жұмсалатын шығындардың негізгі бағыттары:

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу);

- азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;

- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы объектілердің құрылысын және желіні кеңейтуді көздейтін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер санының артуы;

- 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шегінде шағын және орта бизнесті дамыту болады.

МЖӘ қағидаттарын пайдалана отырып, бірлесіп инвестициялау бағдарламасын іске асыру Астанақаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) жұмысының маңызды бағыты болмақ.

МЖӘ тетіктерін қолдану арқылы маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру жоспарлануда. АО «Astana Innovations» АҚ пайда мен шығынды талдау негізіндегі бюджеттік компаратор қағидатын ескере отырып, жобаларды қаржыландыру тетігінің критерийлерін айқындайды, бұл өтелетін жобалар үшін мемлекеттік бюджеттің қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

5.5 Бюджеттік инвестициялық саясаттың 2024-2026 жылдарға арналған негізгі басымдықтары

Қазақстан Республикасы мен Астана қаласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары қаланың экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасын көтеруге қатысты мәселелерді шешуге бағытталатын болады. Бюджеттік инвестицияларды іске асырған кездегі негізгі бағыттар:

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде жеке кәсіпкерлікті тарту және МЖӘ тетігін қолдану есебінен балабақшалар, шағын орталықтар салу және ашу жалғасады.

Астана қаласының мектептерінде 2027 жылға дейін қосымша 330 000 оқушы келеді деп күтілуде, бұл ретте қазіргі уақытта орын тапшылығы 26 600 оқушы орнын құрайды. Мәселені жүйелі шешу үшін 2023 жылы 16 600 орындық 11 мектептің құрылысы жүргізілуде, сонымен қатар 2024 жылы 12 450 орындық 10 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ, "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы бойынша елордада 2023-2025 жылдар аралығында 44 400 оқушыға арналған 24 мектеп салу жоспарланды.

Денсаулық сақтау саласында орта мерзімді кезеңде 250 және 200 төсектік екі перинаталдық орталық салу жоспарлануда, оның біреуі Самұрық Қазынаның қолдауымен, Өндіріс тұрғын алабында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын амбулаториялық кешен, №3 көпбейінді қалалық аурухана, №4 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы салынатын болады.

 

ТКШ инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру

Жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сенiмдiлігін көтеруге, судың коммерциялық шығынын                   5-7%-ға қысқартуға мүмкiндiк бередi.

Электр желілерін жаңғырту бойынша бес жобаны іске асыру 110 кВ қосалқы станцияларды салу көздейді.

ЖЭО-3 1-кезегінің құрылысы қаланың батыс және сол жағалау бөліктерінің алдағы жылдарда артып келе жатқан жылу қажеттілігін экологиялық таза жабдықпен тиімді өндіріс технологиясын пайдаланумен өтеуді қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, тұрғын үй құрылысын, жол-көлік инфрақұрылымын,                     № 1 және № 2 индустриялық парктер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру жоспарлануда.

 

 

Жоспар
Дата публикации
09 октября 2023