Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шараларын енгізу туралы ҚАУЛЫ

21  шілде  2022 жыл                                                         Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

Мен,  Нұр-Сұлтан  қаласының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 104 бабы 7 - тармағының 3 және 8 тармақшаларына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының орташа тәуекел «сары» аймағына көшуді ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға ұсынылсын:
    • адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда;
    • қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіру.
  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

2.1. осы қаулының 1.1-тармағында  көрсетілген қоғамдық орындарда бетперде кию жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;

2.2. жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;

2.3.  тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2.4. білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);

2.5. адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына:

3.1. Қала тұрғындары арасында коронавирусты инфекцияға қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жандандыру.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

4.1. қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыруды, адамға, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді;

4.2. адамдар көп жиналатын орындарда (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте бетперде кию бойынша радиоақпараттар жүргізуді;

4.3. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала халқының назарына жеткізілсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы ағымдағы жылдың 23 шілдесінен күшіне енеді.

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                С. Бейсенова

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шараларын енгізу туралы ҚАУЛЫ
Дата публикации
21 июля 2022