"Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының            6), 7), 8), 9) тармақшаларына, 27-бабына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы                № 498 бұйрығына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 26 мамырдағы  № 412 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілеріне ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілеріне пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілеріне бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  4. Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілеріне ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  5. Осы қаулы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.О. Бекмурзаевқа жүктелсін.

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі                                                   А. Көлгінов

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің орынбасары                                                               Е. Бекмурзаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                Ж. Шәукентаев

 

«Нұр-Сұлтан қаласының

Жұмыспен қамту және

әлеуметтік қорғау

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                              С. Нұрғожина

"Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы
Дата публикации
15 февраля 2022