2026–2030 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлауға Астана қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік білім беру гранты бойынша үміткерлердің тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан

кейінгі білімі бар мамандарды

даярлауға Астана қаласы

жергілікті атқарушы органының

мемлекеттік білім беру грантын

беру туралы

 

 

            Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының  2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген  «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 25 және 29-тармақтарына, 2026-2030 оқу жылына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 20 тамыздағы № 7 хаттамасына сәйкес                          Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар:
  • 2026-2030 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлауға Астана қаласы жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі осы қаулыға  1-қосымшаға сәйкес;
  • 2026-2029 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі (резидентура) осы қаулыға   2-қосымшаға сәйкес;

         3) 2025-2026 оқу жылының емтихан сессияларының қорытындылары бойынша және «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өткізген конкурстың нәтижесі бойынша жоғары білім алу процесінде босаған ЖАО бос білім беру гранттары иегерлерінің тізімі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және осы қаулының 1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жоғары білім беру ұйымының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.А. Рахманбердіге жүктелсін.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                         Ж. Қасымбек

 

 

Дата публикации
20 августа 2026