Ақшалай сыйақыны есептемей, жұртшылықтың игілігі үшін ерікті түрде жүзеге асырылатын қызметтерді ресми ұсыну және азаматтық қатысудың басқа да нысандары.
«Астана жастары» волонтерлары елордалық жастарға ел дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың барлық түрлерін ұйымдастыруға қатысады.
Жастарды тарту және оқыту мақсатында «Астана жастары» «Волонтерлер мектебінде» волонтерларды тегін негізде даярлауды 3 бағыт бойынша жүзеге асырады: әлеуметтік волонтерлік, ТЖ волонтерлары және халықаралық іс-шаралар.
«Астана жастары» ЖРО» КММ базасында волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарды шоғырландыруды ұйымдастыру, ақпараттық және ресурстық көмек көрсету, қалада іс-шараларды есепке алуды жүргізу, күш-жігерді біріктіру, дербес қозғалыстар санын ұлғайту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын орындау шеңберінде бесінші жыл Қалалық волонтерлар штабы жұмыс істейді. Тұрақты негізде 30 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл топпен, 4 ҮЕҰ-мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында, кәсіпорындар мен қала меценаттарымен ынтымақтастық және бірлескен қызмет жүргізіледі.
Волонтерлар жұмысының бағыттары:
Қазіргі уақытта «Астана жастары» ЖРО» КММ-де 500 белсенді волонтерлардан құралған команда құрылды. Барлығы 6000-ға жуық волонтерлар тіркелген.
«Астана жастары» волонтеры қалай болуға болады?
Біздің байланыс: